Қазақстанда медициналық қызметтің қандай түрі қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың тамыз айындағы қорытынды бойынша бір жылдың ішінде дәрігерлердің алғашқы қабылдауы 9,6%-ға, тіс жұлдыру - 10,4%-ға, мойынға массаж жасау - 6,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, есептік кезеңде шипажайлар қызметінің құны 7,4%-ға өскен. Құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеу 13,3%-ға артса, анализдер - 7%-ға, соның ішінде: қан тапсыру - 7,3%-ға, несеп тапсыру - 7,8%-ға қымбаттаған.

Биыл қаңтар-маусым аралығында денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі 11,2%-ға артып, 539,5 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2016 жылы - 485,1 млрд теңге болған.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің 56,1%-ы немесе 302,77 млрд теңгесі ауруханалық мекемелерге тиесілі. 18,7%-ы немесе 101,1 млрд теңге жалпы тәжірибелі дәрігерлердің (+12,1%), 5,5%-ы немесе 29,91 млрд теңге - тапшы мамандардың (+10,2%), 2,5%-ы немесе 13,41 млрд  теңге - стоматология саласының қызметін (+8,1%) құрайды

Медициналық қызметтердің 80%-ы бюджеттік қаржы, 14%-ы - қазақстандықтардың өз қаржысы есебінен және 6%-ы кәсіпорын есебінен көрсетілген.

Жалпы, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша денсаулық саласындағы қызметтер көлемі мен әлеуметтік сервистер ұсыну 566,48 млрд теңгені құраған, ол өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға көп.

Сектордағы қызметтердің 42%-ы жалпыреспубликалық медициналық мекемелер саны көп шоғырланған екі астанаға және халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысына (ОҚО) тиесілі.  

Соңғы жаңалықтар