Қазақстанда құжат айналымынан 18 млн анықтама шығарылады - Асқар Жұмағалиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жылдың соңына дейін құжат айналымынан 18 миллион анықтама алынып тасталатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2 миллион анықтаманы біз бүгінге дейін алып тастадық. Жылдың соңына дейін тағы 18 миллионын алып тастау керекпіз. Бірақ, бұл үшін интеграцияны қамтамасыз ету керек», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Вице-премьердің айтуына қарағанда, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.

«Бұл бағытта (Цифрлық Қазақстан - авт.) ауқымды жұмыс атқарылды. Даму көкжиегі баршылық. Атқарылған жұмыстардың арқасында анықтамалардың 50 пайызын қолданыстан алып тастауға болатынын түсіндік», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар