Қазақстанда құрылысқа жыл басынан бері 174,9 млрд теңге жұмсалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 174,9 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,5 процентке аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика мнистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш мерзімде жұмыстардың басым бөлігі инженерлік құрылғыларды орнату бойынша атқарылды, яғни бұл бағытқа 29,2 млрд теңге жұмсалды. Тұрғын үй құрылысына 23,2 млрд, өнеркәсіп ғимараттарына 22,8 млрд теңге, байланыс және коммуникация саласына 20,7 млрд және тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібіне 20,3 млрд теңге жұмсалған.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 10,1 процентке азайып, 153,6 млрд теңгені құрады. Күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының көлемі алдындағы жылмен салыстырғанда 70 процентке артты.

Қаңтар-ақпан айлары аралығында 5840 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, соның ішінде 5489 тұрғын үй мен 351 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар бар. Нақтырақ айтқанда 2 жалпыға білім беру мекемесі мен 12 мектепке дейінгі білім беру нысаны салынды.

Соңғы жаңалықтар