Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -6 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Қазақстанда құрылыс жұмыстары қаңтар-қыркүйек айларында 3,5%-ке артты

2017 жылғы 13 қазан 21:46 603
Поделиться:
Қазақстанда құрылыс жұмыстары қаңтар-қыркүйек айларында 3,5%-ке артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2264,7 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ке көп деген сөз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде құрылыстағы ең көлемді жұмыс автомагистральдар мен жолдарда орындалды, олардың жалпы құны 502,2 млрд теңгені құрады, ал инженерлік құрылыстарда 387,1 млрд теңгенің, тұрғын үйлер құрылыстарында 263,8 млрд теңгенің, өндіріс ғимараттарында 233,9 млрд теңгенің жұмысы атқарылған.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 0,4%-ке артып, 1958,6 млрд теңгені құрады. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көлемі 37,1% және 20,6%-ке орындалды.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 22 626 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, соның 20 787-сі тұрғын үй болса, 1839-ы әлеуметтік нысандар. Атап айтқанда, 56 мектеп, 35 балабақша, 27 амбулаториялық-емхана ұйымдары және 1 аурухана пайдалануға тапсырылған.

 

 


Басты сөздер: Құрылыс, Экономика,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат