Қазақстанда құрылыс компаниялары несиелерін кешіктіріп төлеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда құрылыс саласы өкілдеріне ұсынылатын қазақстандық банктердің несие қоржындарының сапасы нашарлап келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл үрдіс әсіресе ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында байқалды. Тұтас алғанда, қаңтар-шілде айларында құрылыс саласындағы мерзімі өткен төлемдермен қызмет көрсетілетін қарыз үлесі жыл басында 11%-дан 16,4%-ға дейін өсті.

Алайда құрылыс саласындағы несие құрылымдарында қысқа қарыздар небәрі 18% құрайды. Несие берушілердің алаңдаушылығын туғызатын негізгі мәселе - саладағы ұзынмерзімдік несиелерді төлеудің кешіктірілуі. 

Биылғы жылдың жеті айында ұзақмерзімді қоржындағы жұмыс істемеген несиелер үлесі 8,7%-дан 13,7%-ға дейін өсті.

Құрылыс саласындағы қарыз қоржынының бірден төмендегенін байқаған несие берушілер саланы белсенді несиелеуді тоқтатты: 2016 жылдың шілде айының соңындағы сомамен салыстырғанда бір жылда құрылыс компаниялары қарыздарының көлемі 4,6%-ға қысқарды. Құрылыс компанияларына ұзақ мерзімді несие беру тоқтатылды, мұндай қарыздар қоржынының көлемі бір жыл ішінде 7,8 пайызға, 801,4 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Қазақстан экономикасы мен тұрғындарға ұсынылатын барлық несиелер бойынша тұтас алғанда, төлеу мерзімі өткен қарыздар көлемі 10,3%-ды  құрайды, оның үстіне жиынтық қарыздар қоржыны да айтарлықтай төмендеген.  

Соңғы жаңалықтар