Қазақстанда құрастырылған автомобильдер тәжік нарығына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Душанбеде Қазақстанда шығарылған автомобильдердің 55 дана алғашқы партиясын «Холдинг Азия групп Таджикистан» ЖАҚ таксомотор паркіне тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл жайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов, Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Худоёр Худоёрзода, Душанбе қаласы төрағасының орынбасары Курбон Тагай Саидзода, сондай-ақ іскер, қоғамдық орталар мен БАҚ өкілдері қатысты.
null

Н.Сейтімов Қазақстан мен Тәжікстанның арасындағы өзара сауданың жоғары деңгейін атап өтті. Бұл орайда, Қазақстан соңғы жылдары Тәжікстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. 2017 жылы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымының көлемі 525,1 млн АҚШ долларын құрап, ол 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға жоғары болды.
null

Сонымен қатар Елші екі елдің шаруашылық субъектілері арасында Тәжікстанға қазақстандық тауарларды жеткізілімі кезіндегі кооперациялық байланыстарды арттырудағы «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның маңызды рөліне назар аударды. «KazakhExport» құралдары мен мүмкіндіктерін таныстырып, Елшілік тарапынан осы компания мен тәжікстандық импортерлер арасындағы байланыстарды дамытуға қажетті жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді.
null

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың сәуір айында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қолдауымен қазақстандық автоөндірушілер  («СарыарқаАвтоПром» және «Hyundai Trans Auto») мен «Азия групп Таджикистан» холдингі арасында 2000 автомобиль (1000 «Peugeot 2012» маркісі және 1000 «JAC S3» маркісі) жеткізуге жалпы құны 24 млн АҚШ долларын құрайтын келісімшарт жасалған болатын.

Соңғы жаңалықтар