Қазақстанда күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, қар жауады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Қазақстанда қарашаның соңына дейін климаттық нормадан 5... 10 градусқа жоғары ауа температурасы сақталды.

«Жексенбі күні солтүстік және шығыс облыстардағы күннің суытуы қыстың жақындағанынан хабар берді. Алдағы үш күнде республиканың көптеген облысында қар жаууы мүмкін, оңтүстік облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы тек солтүстік емес, оңтүстік облыстарда да әдеттегіден 1...3 градусқа төмен болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар