Қазақстанда күн энергиясынан алынатын қуаттың құны арзандайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңаратын энергия көздерін дамытуға әлемнің ірі компаниялары тартылады. Бұл туралы бүгін Астанада энергетика мәселелеріне арналған конференцияда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жаңаратын көздерден энергияға бағаны қалыптастыру жүйесі іске асырылды, яғни ол «белгіленген тарифтер» деп аталды. Осы орайда Үкімет тарапынан жаңаратын көздерден электр энергирясын сатып алудың бекітілген құны қабылданды»,-деп атап өтті Қ. Бозымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, күн энергиясының құны киловатт-сағатқа 34 теңгені құрады, бұл өз кезегінде 10 центтен (АҚШ) артықтау. Бұл баға қымбат екенін білеміз.

«Әрине, осы энергияның өзіндік құны инвестицияларды қайтару қажеттігінен қалыптасады және Қазақстан осы энергия түрін аз өндіреді»,-деп түсіндірді Бозымбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, аталған энергия бағыты бойынша соңғы бір жылда Чилиде, Мексикада, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Сауд Арабиясында және бірқатар өзге де елдерде аукциондар өтті.

«Бәссауда нәтижесіне тоқталатын болсақ, төмендету қағидасы тұрғысындағы сауда нәтижесінде электр энергиясына орташа баға 2,5 центке жуық бағада қалыптасты. Атап айтқанда, осындай бәссаудаларға ірі компаниялар келеді. Яғни екі жыл бұрын 4-5 центті құраса, бүгінде Әбу-Дабидегі соңғы саудада 2,5 центке дейін төмендеді. Осы ретте Қазақстан да бұл жолмен келе жатыр»,-деді Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар