Қазақстанда криптовалютаға майнинг жасайтындар көп пе

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның блокчейн және криптовалюталары қауымдастығының президенті Есет Бутин цифрлық ақшаның майнингі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білуімше, өткен жылы Қазақстанның бір облысында ірі майнинг орталығы ашылған болатын. Ол жерде шамамен 20 мың «машина» бар. Жасыратыны жоқ, біздің қауымдастығымызға мүше бір әріптесіміз тағы бір майнинг орталығын ашамын деген. Ол 2 «машина» қоямын деді. Әрине, Қытаймен және Ресеймен салыстырғанда, біздегі майнерлердің саны өте аз», - деді Е.Бутин Астана экономикалық форумының панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, Қазақстанда криптовалюталарды реттеу шараларын тездетіп қолға алу қажет.

«Қазіргі кезде дамыған мемлекеттер қол қусырып отырған жоқ. Барлығы бірдей криптовалютаны сынақтан өткізу үшін арнайы аймақтарды құрып жатыр, әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеп келеді. Себебі бір-екі жылдан кейін аталған теxнологиялар біздің күнделікті өмірімізге айналады. Біз сегіз айдан бері біраз жұмыс атқардық. Ұлттық банкпен байланыс орнатып, «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен келісімді рәсімдедік. Көп нәрсе жасалады деді. Тиісті заңды шығарып, криптовалюта биржасын жасаймыз деді. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім жоқ», - деп атап көрсетті Е.Бутин.

Айта кетейік, сессия кезінде сарапшы Миxаил Сенаторов Ресейдің криптовалютаға қатысты жоспары туралы айтып берді. Оның айтуынша, көрші мемлекет ұлттық криптовалютасын жасап шығаруы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар