Қазақстанда Көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2017-2021 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік, мемлекеттік ортақ мүдде мен көші-қон үдерістерінің әлемдік даму үдерістерін сақтай отырып, алдағы бес жыл көлеміндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді және негізгі көзқарастарды айқындайтын 2017-2021 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеуде.

Құжатта басты межелер ретінде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында халықты үйлестірілген тең сипатта қоныстандыру мен жұмыс күшін тиімді орналастыруға қол жеткізу көзделуде.  

Алға қойылған мұрат үдесінен шығуда бірқатар түйткілдерді тарқату болжануда:

1) шетелдік жұмыс күшін іріктеу мен қолданудың сараланған тетіктерін түзу;

2) ішкі көші-қонды дамыту мен халықтың ұтымды орын ауыстыруын қолдау;

3) шетелде тұратын этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жағдай жасау мен көшті ынталандыру, олардың бейімделіп, ықпалдасып кетуіне септесу;

4) заңсыз көші-қонға қарсы тұру.

Тұжырымдаманың толық мәтінімен келесі  сілтеме арқылы танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар