Қазақстанда көліктің әдемі мемлекеттік нөмірлер тізімі кеңейтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көліктің әдемі мемлекеттік нөмірлер тізімі кеңейтіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Қанат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік салықтың жоғарылатылған ставкасы алынатын әдемі нөмірлердің тізімі кеңейтіледі. Яғни, сұраныс ұсынысты туындататындығы белгілі. Сондықтан бұл мәселені шешу барысында жемқорлық тәуекелін төмендету үшін аталған нөмірлердің тізімі кеңейтілмек. Сандық және әріптестік жаңа тіркестер қосылатын болады және соған орай олардың мемлекеттік салық ставкалары анықталды», - деді Қанат Мусин.

Оның атап өтуінше, бастапқыда Мәжіліс депутаттары аталған заңға енгізілуі тиісті 120-дан астам түзетуді қарастырған. Нәтижесінде оның 55-і қалып отыр. Заңда жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды азайту, құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушіге фото және бейнетүсірілім жасауға рұқсат беру, күндізгі уақытта елді мекендер ішінде жүрген кезде көліктің жақын жарығын қосу міндетін алып тастау, ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушылардың көліктен шығуға тыйымды алып тастау, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау  көзделген.

Соңғы жаңалықтар