Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қарлы боран республика жолдарындағы қозғалысты айтарлықтай қиындатқан. Мұндай ауа райы дәрігерлер мен құтқарушыларға түсетін ауыртпалықты да еселей түскен. Медициналық көмек сұрап жүгінгендердің саны күрт артты.

«Өткен тәуліктерде Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының шұғыл әрекет ететін бригадалары 30 жәбірленушіні қауіпсіз жерге көшірді, соның 5-еуі бала, ал үш адам ауруханаға жатқызылды», - дейді Р. Иманқұлов.

Атап айтқанда, жедел қызметке Аршалы күре жолының 42-разъезінде күзет бекетінде бір адам үсіп қалғаны туралы хабар келген. Шұғыл жеткен бригада оны жылы жерге көшірген.

Астана-Қарағанды күре жолындағы Қызылсуат ауылынан 9 адам, соның ішінде 5 бала, бір жүкті әйел қауіпсіз жерге көшірілді. Сегізі туыстарының үйіне жеткізілсе, жүкті әйел №1 перинаталдық орталыққа жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар