Қазақстанда көктемгі мезгілде ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1-наурыз бен 1-мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына біліктік жүктемелері бойынша уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Уақытша шектеулер IV жол-климаттық аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) - тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында әрекет етеді», - делінген хабарламада.

Енгізілетін уақытша шектеулер кезеңінде автокөлік құралдарының дара, қосарланған және үштік біліктеріне түсетін жүктемелері «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен анықталған мәндерінен аспауы тиіс.

Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.

Бұл ретте, бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері сақтау міндетті болып табылады.

Сондай-ақ, климаттық аймағына байланысты 2017 жылғы 1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін ауа температурасының 25оС-ден жоғары болуы кезінде дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін қосымша хабарлаймыз.

Соңғы жаңалықтар