Қазақстанда кофе мен шай қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың шілде айында Қазақстан экспорттайтын тауарлардың бағасы 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,3%-ке, импорт тауарларының бағасы артқан 2,4%-ке артқан, ал қаңтар-шілде аралығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экспорт 12,9%-ке, импорт 8,9%-ке қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Үстіміздегі жылдың басынан бері экспорт бойынша бағалардың көтерілуі ферроқорытпалар - 51,5%, қара металл - 31%, мыс рудалары - 13,8%, көмір - 3,3% экспорттарында байқалған, ал марганец рудалары 26,2%-ке, қорғасын 5,1%-ке, табиғи газ 4,4%-ке, мырыш 3,3%-ке, мұнай 1,3%-ке арзан экспортталған.

Мақта 7,5%-ға қымбаттаса, жүн (7,3%) мен бидай (2,5%) арзандаған.

Импорт өнімдерінің ішінде: кофе 14,7%-ке, шай 10,8%-ке, сүт өнімдері 8,2%-ке, құс еті 1,2%-ке, макарон өнімдері 1,1%-ке қымбаттаған. Көкөніс 42,9%-ке, темекі 7,3%-ке, жеміс-жидек пен жаңғақ 4%-ке, өсімдік майы 2,3%-ке арзандаған.

Пластмассаның бағасы 16,3%-ке, тері 6,1%-ке, ағаш (сүрек) 2,7%-ке, фармацевтика өнімдері 0,3%-ға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар