Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -5 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Қазақстанда Киберспорт федерациясы құрылады

2017 жылғы 7 желтоқсан 17:12 1037
Поделиться:
Қазақстанда Киберспорт федерациясы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Киберспорт федерациясы құрылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, осы жылдың қыркүйек айында Ашхабадта өткен Азия киберспортының конфедерациясы (Electronic Sports) Бас Ассамблеясы барысында аталған ұйымның вице-президенті болып Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков сайланған еді. 

«Қазір біздің алдымызда Қазақстанның Киберспорт федерациясын құру міндеті тұр. Оны Ұлттық олимпиадалық комитет, содан кейін Халықаралық киберспорт федерациясы мойындауы тиіс. Мен вице-президенті (Азия киберспортының конфедерациясы) болып саналамын. Күні кеше біздің қайта сайланған президентпен кездестім. Ол ынтымақтастыққа дайын. Өйткені, Азияда киберспорт қарқынды дамып келе жатыр», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, киберспорт Қазақстанға енді келіп жатыр. Дегенмен оны  дамыту маңызды болып отыр. Себебі әлемде бұл спорт түрін Олимпиада ойындарына қосуға бағытталған саясат жүргізілуде.

«Бүгінде өзге жеке командалардың сапында, бірақ Қазақстанның туымен өнер көрсететін қазақстандықтар бар. Егер әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары, яғни Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған жарыстар өтіп жатса, онда сол балаларды құрамаға шақырамыз», - деді Сәкен Мұсайбеков.

Сондай-ақ вице-министр Қазақстанның Киберспорт федерациясын 2018 жылдың 1 тоқсанында құру жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Айта кетерлігі, киберспорт қазіргі таңда әлем бойынша кең ауқымда өрістеп келеді. Сонымен қатар, спорттың бұл түрі тұңғыш рет V Азия ойынының бағдарламасына енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта оны Джакартада (Индонезия) өтетін алдағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу көзделген.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат