Қазақстанда келісімшарт бойынша қызметке қабылдау жасы төмендетілді - Қорғаныс министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментінің бастығы Қайрат Көпбаев әскери қызметті өткеру ережелеріне енгізілген өзгерістерді баяндап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Жалпы, ережелерге айтарлықтай көп өзгерістер енгізілген жоқ, дегенмен, әскери қызметті өткеру шарттарын жақсартуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге және әскери қызметке алу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгерістер енгізілді», - дейді әділет полковнигі Қайрат Көпбаев.

«Бұрын біз әскери қызметке 42 жасқа дейін шақыратын едік, ал қазір әскери қызметке енді алынып жатқандар үшін 32 жасқа дейін қысқарттық. Бұрын келісімшарт бойынша әскери қызметке баруды қалайтындардың жасы 19 және 40-42 жас аралығында болуы тиіс еді, ал қазір курсанттар мен кадеттерді қоспағанда, 18 жастан кіші болмауы және 30 жастан үлкен болмауы тиіс», - деді ол.

Сондай-ақ, әділет полковнигі бүгінгі таңда Қазақстан армиясының құрамында тиісті біліктілік пен тәжірибеге ие кәсіби офицерлер корпусының жеткілікті екенін де тілге тиек етті. «Кадрлар тапшылығы жоқ. Қазір Қазақстан армиясын жасарту процесі жүріп жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар