Қазақстанда келесі жылы тұңғыш рет бұқтырылған түйе еті өндіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Күн нұры» ЖШС келесі жылдан бастап бұқтырылған түйе етінің консервілерін нарыққа шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алматы облысындағы Ақши деген жердегі «Дәулет-Бекет» деген шаруа қожалығында 5 мың түйе бар. Ондағы шаруа қожалықтың басшылығы біздің кәсіпорынға жылына 500 түйе беруге дайын екенін айтып отыр. Кәсіпорынның бастапқы жұмысын 500 түйе қанағаттандырады деген ойдамыз. Қазақстанда бұқтырылған түйе еті бірінші рет өндірілгелі отыр. Сауд Арабиясында мұндай кәсіпорын бар. Бірақ, біздің жаңалығымыз - түйе етін тұтынушыларға арнайы қаптамалар мен консервілерде ұсынып отырғанымыз. Өнімнің жарамдылық мерзімі - 24 ай», - дейді жоба жетекшісі Жұлдыз Сүлейменова.
null

Тың өнімнің бағасы әлі белгіленбеген. Бірақ, түйе етінің бағасы нарықта сиыр етінен екі есе арзан болғандықтан, өндірушілер осы аралықтан асып кетпеуді көздейді.

«Көбінесе түйе етін әскери бөлімдерге ұсынамыз. Оларда қазіргі таңда қызығушылық бар. Біздің нарықта түйе еті импортта келіп жатқан жоқ. Бұл да өз кезегінде біздің өнімімізге сұраныс пайда болар деген көп үміттің бірі», - дейді Жұлдыз Сүлейменова

Айта кетерлігі, бүгін Астанада «Ғылым мен бизнесті біріктіру құралы ретінде технологияларды коммерциализациялау» тақырыбында форум өткелі жатыр. Форумаға қатысушылар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің дамуындағы өзекті мәселелерді талқылап, ғылым мен бизнестің қарым-қатынасын тәжірибе жүзінде іске асыру жолдарын қарастырмақ.

Соңғы жаңалықтар