Қазақстанда қазан айында азық-түлік бағасының өсімі 8,4%-ке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қазан айындағы азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ке өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Есепті кезеңде жеміс-көкөністің бағасы 15,1%-ке өсіп, кондитер өнімдері 12%-ке, алкогольді ішімдіктер 10,8%-ке, сүт өнімдері 10,5%-ке, кофе, шай және какао 9,4%-ке, балық және теңіз өнімдері 9,3%-ке, бөлке және ұн өнімдері 8,6%-ке, нан 3,1%-ке, макарон өнімдері 2,5%-ке, ұн 2,4%-ке қымбаттаған.

Ал қант 14,7%-ке, жармалар 11,3%-ке арзандаған. Ет және ет өнімдерінің бағасы 11,2%-ке өскен. Атап айтқанда, сиыр еті 14,4%-ке, қой еті 13,5%-ке, шошқа еті 10,3%-ке, жылқы еті 8,8%-ке, құс еті 8,5%-ке, ал шұжық өнімдері 6,7%-ке қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар