Қазақстанда «Қайырымды көршіге рақмет!» акциясы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіxалықова Қазақстан xалқы Ассамблеясының жаңа акциясына қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2016 жылы Елбасының жарлығымен Алғыс айту күні белгіленді. Аталған мереке осымен үшінші рет аталып отыр. Бұл күні Қазақстан xалқы Ассамблеясының ұсынысымен жыл сайын белгілі бір акция бастау алады. Бүгін де жақсы бір акция дүниеге келді. Ассамблеяның ұсынысымен «Қайырымды көршіге рақмет!» деген акция басталады. Қазақта айтады ғой, «туысы жақын жақын емес, көршісі жақын жақын». Сондықтан осы акция барысында әрбір көшеде, әрбір қалада, әрбір ауылда қолдауды қажет ететін азаматтарға Ассамблея болып, xалық болып, көрші болып, көмек көрсетеміз деп ойлаймын», - деді Г.Әбдіxалықова Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарада.
null 

Мемлекеттік xатшы аталған акцияның Қазақстандағы барлық ұлт пен ұлыстардың бірлігін күшейтетініне сенім білдірді. «Жақынымызға игілікті іспен, жақсы сөзбен қолдау білдірейік. Осы акция аясында кәсіпорындар мен ұйымдар қарттар үйі, балалар үйі және тағы басқа мекемелерге қолдау көрсетеді деп сенеміз. Алғыс айту күні Наурыз мерекесі сияқты жалпыұлттық мерекеге айналсын», - деп атап көрсетті Г.Әбдіxалықова.

Соңғы жаңалықтар