Қазақстанда қаңтарда 2 мыңнан астам көлік шығарылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қаңтардың қорытындысы бойынша 12,1 миллиард теңге сомасында 2105 автокөлік құралы шығарылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазавтопром» Қазақстанның көлік саласы кәсіпорындары одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2018 жылдың қаңтар айындағы қорытынды бойынша Қазақстан аумағында 12,1 миллиард теңгеге 2015 бірлік автокөлік құралы (жеңіл, жүк, автобус техникасы, арнайы машиналар мен тіркемелерді қосқанда) шығарылған. Өндіріс көлемі былтырғы көрсеткіштен 3,6 есеге артқан. Жеңіл көліктер өндірісі 3,7 есеге артып, 2041 бірлікке жеткен», - делінген хабарламада.

Қазақстанда жиналатын жеңіл көліктердің үздік бестігінде Lada (763 авто), KIA (128), Hyundai (125), Ravon (96) және Chevrolet (46) тұр.

Соңғы жаңалықтар