Қазақстанда қаңтар айында инфляция 0,6% құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда инфляция деңгейі 2018 жылдың қаңтарында оның алдыңғы аймен салыстырғанда - 0,6%, 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 6,8% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда - 0,6%, азық-түлік емес тауарларына - 0,3%, ақылы қызметтерге - 0,8%-ға өсті.

Өткен айда бағалар, сонымен қатар қиярға - 10,5%, қызанаққа - 9,8%, тәтті бұрышқа - 9%, қырыққабатқа - 4,3%, картопқа - 3%, жұмыртқаға - 1,4%, сәбізге - 1,1%, консервіленген сүтке - 1%, сары май мен жаңа ауланған балыққа - 0,8%, мәйекті ірімшікке - 0,5%, қой еті мен кондитерлік өнімдерге 0,3%-ға артты.

Ал қарақұмық жармасына (4,9%), құмшекерге (3,2%), күрішке (1,1%) және қара шайға (0,9%-ға) бағалар керісінше төмендеді.

Қаңтарда фармацевтикалық өнімдерге бағалар - 0,8%, автомобильдерге - 0,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,6%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тұрмыстық аспаптарға - 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке қолданатын тауарларға - 0,4%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, кітаптарға, тоқыма бұйымдарына 0,2%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 0,7%, тас көмір - 0,5%-ға қымбаттады.

Бұдан бөлек, баға құқық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыруға - 6%-ға, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне - 1,4%, жолаушылар көлігіне - 1,3%, денсаулық сақтау саласында - 1,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарында - 0,8%, қоғамдық тамақтандыруда 0,3%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға - 1,9%-ға, ыстық суға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1,7%-ға, қоқыс шығаруға - 1,2%, электрэнергиясына - 0,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 0,4%-ға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар