Қазақстанда қаңтар-ақпанда жүк айналымы 9,4%-ға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпанында жүк айналымының көлемі 88,541 млрд тонна-шақырымды құраған, бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 9,4%-ға көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде жүк тасымалдау көлемі 554,635 млн тонна (былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,3%-ға артық), жолаушылар тасымалдау көлемі 43,68 млрд жолаушы-шақырымды (+4,4%) құраған. Жалпы 3,609 млрд жолаушы тасымалданған (+0,9%).

фото:railways.kz

Соңғы жаңалықтар