Қазақстанда қаңтар-ақпанда алтын өндірісі 4,7 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар-ақпан айында өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын өндірісі 13 562  келіге жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,7% көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндіру көлемі былтырғыға қарағанда 10% қысқарып, 151 425  келіні құрады. 

Соңғы жаңалықтар