Қазақстанда қант пен жарма бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда биыл 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда азық-түлік тауарлары 5,9 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңдекондитерлік өнімдер мен алкогольдік сусындар 10 пайызға, сүт өнімдері 9,1%,балық пен теңіз өнімдері 8,5%, жеміс-жидектер мен көкөністер, нан және ұнөнімдері 7,3%, кофе, чай мен какао 4,3%, нан 2,7%, макарон өнімдері 2%, ұн 1,2 пайызға қымбаттаған. Ал қанттың бағасы 21,4%, жарма 16,9% арзандаған.

Ет пен етөнімдерінің бағасы 10,5 пайыздық көрсеткішке артқан. Нақтырақ айтқанда, қой еті13,8%, сиыр етіне 13,7%, жылқы мен шошқа еті 9,3%, шұжық өнімдері 8,3%, құс еті4,5 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар