Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -22 °С
USD 323.20 EUR 395.56
RUB 5.72 CNY 50.48
Жаңалықтар

Қазақстанда қант өндірісі бір жарым есеге артады

2017 жылғы 16 тамыз 13:26 1748
Поделиться:
Қазақстанда қант өндірісі бір жарым есеге артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру елімізде қант өндірісін бір жарым есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша тек 3 пайыз қант қызылшасын өндірдік және бұл өнім Қазақстанда шекер өндрісіне бағытталып отырды. 97 пайыз ақ қантты немесе қант құрағын алыс шетелден тасымалдайтынбыз. Енді жыл сайын Алматы және Жамбыл облыстарындағы егіс алқаптары артып келеді. Екі жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан қант қызылшасын 400 гектарға отырғызуда. Жүргізілген әртараптандыру шаралары биылдың өзінде отандық қанттың өндірісін 1,4 есеге (36 мыңнан 51 мың тоннаға дейін) арттырады деп күтілуде»,-деді Айтуғанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстанда қант қажеттілігі 500 мың тоннаны құрайды. Қанттың 90 пайызы қант құрағынан өндіріледі және ол нөлдік бажбен импортталады. Бұл норма елімізде 2019 жылға дейін күшінде болады. Сәйкесінше, қанттың 10 пайызы қызылшадан өндіріледі. ҚР АШМ импортталатын шикізат көлемін төмендетуді жоспарлап отыр.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат