Қазақстанда қанша атеист бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамаға атеистерді қорғау талабы да енгізілмекші. Ал діни догмаларды сақтамағаны үшін адамға қысым жасайтындар заң алдында жауап береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде Қазақстан азаматтарының 12 пайызы өздерін атеист немесе агностик деп санайды. Олардың да құқықтары қорғалуы қажет. Дінге сенетін адамдар заңмен қалай қорғалса, дінге сенбейтіндер үшін де сондай жағдай жасалуы шарт. Сол себепті Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанымына сәйкес, дін қызметі мен діни бірлестіктер туралы заңға тиісті өзгерістер қарастырылған. Соның ішінде діни догмаларды толыққанды сақтамағаны үшін біреуге қысым жасалса, ондай адамдар заңмен қорғалады. Әйтпесе, қазіргі кезде діни рәсімдерді сақтамайтындарға қысым жасау әрекеттері жиілеп кетті", - дейді министр Ермекбаев.

Оның айтуынша, адамның діни ұстанымына қысым жасау әрекеттері қайғылы оқиғамен де аяқталып жатады. "Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам діни көзқарасына байланысты өз әйелін өлтірсе, Алматы облысында тағы бір еркек әйелін xиджаб кимегені үшін жазалады. Міне, осы іспетті оқиғаларға жол бермеу керек", - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік , ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев елшілер үшін арнайы баспасөз мәслиxатын өткізді. Министр діни қызмет және діни бірлестіктерге арналған заңнамаға қандай өзгерістердің енгізілетінін кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты нақты үш шектеу болады.  Бұдан бөлек, министр адамның бет-әлпетін тұмшалайтын киімдерге қатысты түсінік берді . 

Соңғы жаңалықтар