Қазақстанда қандай вирустардың таралу қаупі бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті вирустар мен инфекциялардың еліміздің қандай аумағында таралуы мүмкін екендігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан өңірлерінде  жылсайын маусымға және өңірлердің табиғи ошағына байланысты адамдардың Конго-Қырым қанды безгегіне (Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында), кене энцефалитіне (Алматы қаласы, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы) вирустық гепатит, өткір ішек инфекциясына шалдығу деректерінің тіркелуі мүмкін», - делінген комитеттің ҚазАқпараттың арнайы сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар комитет дәл қазіргі уақытта нақты бір елдерге тән инфекциялардың таралуы туралы да мәліметтермен бөлісті.

«Таяу Шығыс елдерінде адамдардың  MERS немесе  таяушығыстық респираторлық синдромның коронавирусына, тропикалық климатты елдер - Оңтүстік Шығыс Азияда, Африкада, Оңтүстік Африкада чикунгунья безгегі, безгек, Ласса безгегі, Денге, Зика, сары безгекке, Батыс Африка елдерінде  Эбола безгегіне және басқа да ауруларға шалдығу деректері тіркеліп жатыр», - деп хабарлады комитет.


фото:ria56.ru

Соңғы жаңалықтар