Қазақстанда қалың қар түсіп, жел күшейеді - синоптиктер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидромет.

Демалыс күндері қар жауып, боран соғады, батыстан күшті жел соғады деп күтілуде. Қысқамерзімді суықтан кейін ауа температурасы қайта көтеріледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жер-жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, желдің жылдамдығы 12-20 м/с-ға дейін күшейіп жетеді.

Маңғыстау облысының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/сек болады.

Алматы облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ орын алса, түнде желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді.

Соңғы жаңалықтар