Қазақстанда ішкі бағыттардағы пойыз билеттері электронды жолмен ғана сатылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Қазақстанда ішкі бағыттарға арналған темір жол көліктері билеттерін электронды сатып алуға көшу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпараттық технологиялар бойынша вице-президенті Арман Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электронды билеттерді сатуға арналған екі сайт әзірленді, одан бөлек мобильді қосымшалар шығарылып, вокзалдарда өзіне-өзі қызмет көрсететін арнайы терминалдар орнатылды. Сыртқы сайттарға да қолжетімділік беріп, пойыздарда қанша бос орын қалғанын ашық  көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ, сатып алушыларға арналған күту парағы, пойыздардың рейтингін жасау қызметтері де бар. 2020 жылға қарай компания билеттердің 90 проценттік электронды сатылымына көшуді жоспарлап отыр. 10% ғана мемлекетаралық бағыттарда қағаз билетті рәсімдеу үшін сақталады», - деді Арман Нұрышев Астанада өткен брифингте.

Бұған дейін Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жағдайда 20-25%-ке дейін жеңілдіктер берілетіні хабарланған еді.

Сондай-ақ, 2020-2022 жылдары Қазақстанның барлық пойыздарын Wi-Fi қызметімен қамту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар