Қазақстанда француздардың дәрі-дәрмек экспорты күрт өсті - елші Этьен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Фрэнсис Этьеннің айтуынша, Франциядан Қазақстанға жеткізілетін дәрі-дәрмектердің көлемі бір жылдың ішінде күрт өсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда xалықтың әл-ауқатын жақсартуға, өмір сүруді ұзартуға деген саяси ұстаным бар. Біз оны анық көріп отырмыз. Президент Назарбаев өте батыл мақсат қойып отыр. Болашақта Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін жетуі тиіс. Негізі, осы елдің бюджеті мен экономикасын ескерсек, ол мақсатқа жетуге толық мүмкіндік бар. Осы орайда айта кеткен жөн, Қазақстан мен Францияның фармацевтика саласындағы ынтымақтастығы нығайып келеді. Мәселен, бір жылдың ішінде Франциядан Қазақстанға жеткізілген фармацевтика өнімдерінің көлемі 58 пайызға артты», - деді Фрэнсис Этьен бүгін қант диабеті мәселелеріне арналған xалықаралық конференцияда.

Елшінің сөзіне қарағанда, Францияда денсаулық сақтау саласының дамығаны сонша, соңғы 70 жылдың ішінде француздардың өмір сүру деңгейі 20 жылға ұзарды. «Бүгінде Франция осы көрсеткіш жағынан әлем бойынша үздік он елдің қатарына кіреді», - деп атап көрсетті Этьен мырза.

Соңғы жаңалықтар