Қазақстанда ет өндірісі 9,6% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-қараша айларындағы ет өндірісінің көлемі 219 313 тоннаны құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 9,6%-ға өсті,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде: сүт 435 577 тонна көлемінде (өндіріс көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға артқан), ұн - 3 739 424 тонна (+5,1%), нан - 659 263 тонна (-1,5%),  жарма - 64 178 тонна (+27,8%) өндірілді.

Соңғы жаңалықтар