Қазақстанда электронды виза енгізу ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жедел түрде электронды визаны енгізу керек. Бұл туралы бүгін Астанада Туризм жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мысалы, бізде электрондық виза жоқ, осы күнге дейін миграциялық карталар жұмыс істеуде, сондай-ақ әлемде қазақстандық туризмді насихаттауда ақпараттық сүйемелдеу тиісті деңгейде емес. Қазіргі кезде Қазақстанда 65 елге қатысты визасыз режім бар. ЮНВТО мәліметінше, шетелде қазақстандық визаны алу қиындау. Сондықтан да жақын арада жедел түрде электронды визаны енгізу керек», - дейді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, Әзербайжанда 2013 жылы электронды визаны енгізу нәтижесінде шетел туристері 3,5 есеге артқан екен.

Ерлан Қожағапановтың пайымынша, сонымен қатар елге келген соң берілетін визаларды қолдану керек, сондай-ақ 72 сағаттық визасыз транзиттік режімді кеңейтіп, миграциялық тіркеуді алып тастау қажет.

Бұдан бөлек, ол ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде үш ай бойы қолданылған «ашық аспан» саясатын енгізу өте маңызды екенін, осы орайда елеулі түрде оңтайлы тиімділікке қол жетікізілгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар