Қазақстанда электронды кеден жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті енгізген кедендік декларациялаудың барлық тәртіптері тәжірибелі түрде пайдалану жүйесіне енгізілді. Бұл БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) қолдауымен жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ASYCUDA World платформасының маңызды нұсқасы саналатын UNCTAD базасында жасалған, ҚР ҚМ МКК-ге енгізілген салық салу және кеден әкімшілігінің «АСТАНА-1» автоматтандырылған жүйесі кеден процедураларын оңтайландырып, ҚР-дағы сыртық экономикаға қатысушылардың әкімшілік тұрғыда және уақыт бойынша шығынын қысқартады.

«АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік поцедуралар мен операцияларды қамтып, ҚР ҚМ МКК-дегі салық базасының мәліметтерімен интеграциялануға, сонымен бірге ҚР-ның өзге де мемлекеттік органдарымен ақпараттық тұрғыда бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндіреді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталып отырғандай, рәсімдеу процесі - тауарды кіргізуден тазартуға дейінгі шаруа «АСТАНА-1» жүйесінде жүзеге асырылған. Бұл өз кезегінде сыртқы экономика қатысушыларына бірыңғай ақпараттық платформада бола отырып, кез келген операцияны - алдын ала ақпарат беруден - шығарылатын тауарды бақылауға дейінгі шаруаны орындауға жол ашады. Аталған жұмыс мәліметтердің айналымын тездетеді.

Декларацияны толтыру процедурасы бойынша декларанттар мен кеден өкілдерінің мәселелерін мемлекеттік кірістер органының мамандары кейінгі міндетті кеңес беру бағытымен «on-line» тәртіпте қарайды.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің бірқатар артықшылықтары мен барлық кеден процестерін автоматты бақылау арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері бар. Тәуекелдердің жоқ болуымен бірге «АСТАНА-1» АЖ тауарларға декларацияны автоматты түрде шығарады. Бұрынғы жүйемен бүгінгінің айырмашылығын мынадан да байқауға болады: жүйе қолданушыларға тегін қызмет етеді. Бұған қоса декларант барлық кеден операцияларын кеңседен кетпей-ақ атқара алады. Тек Интернет болса болғаны. Артықшылықтардың тағы бірі - алдын ала ақпаратты жасау мүмкіндігі кейін транзиттік декларацияға айналады. Тауар белгіленген пунктке жеткізілгеннен кейін ол электронды сақтау құжатын жасауда есепке алынып, өз кезегінде автоматты түрде тауардың декларациясын жасауға қолданыла береді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар