Қазақстанда электромобильдердің болашағы қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Бүгінде елімізде орналасқан көлік өндірістері электромобильдерді жаппай шығаруға дайын. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Өскеменде «Kia Soul» маркасы негізінде алғашқы қазақстандық электромобиль шығарылса, биыл Қостанайда «Jac» үлгісінде тағы бір тоқпен жүретін көліктер сериясы таныстырылды. Алайда, осы нарықты дамыту үшін xалықтың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту аздық етеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындары одағының басшысы Олег Алферовтың айтуынша, шетелде электромобиль сатып алған азаматтарға бюджет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Оның өзін әрбір мемлекет көтере алмайды.

«Шыны керек, осы санаттағы көліктер бәрінің қалтасына шақ келе бермейді. Мәселен, дәл қазір электромобильдерді жиі мінетін мемлекеттердің картасын алып қарайтын болсақ, олардың саны 10-15 елден аспайды және аталған мемлекеттердің барлығы - xалықтың әл-ауқаты жоғары мемлекеттер. Атап айтқанда, АҚШ, Канада, Қытай және тағы басқа мемлекеттер. Халықтың әл-ауқаты өз алдына ол елдердің үкіметтері де электромобиль алған азаматтарға субсидия, яғни үстіне қосымша ақша беріп отырады. Себебі тоқпен жүретін машиналар - экологиялық таза көліктер. Қытай сияқты экологиясы нашар мемлекеттер ондай көліктердің көптеп жүруіне мүдделі болуы тиіс. Ол жерде электромобиль сатып алған әрбір адамға 10 мың долларды қайтарымсыз берсе, электр энергиямен жүретін автобус алғандарға 80 мың доллар көлеміндегі қыруар қаржыны бөліп отырады. Бұл - үлкен қолдау, электромобильдерді алуға итермелейтін мықты шара», - дейді О.Алферов.

Оның айтуынша, АҚШ-та электромобильдерді алғаны үшін берілетін субсидияны азайту мәселесі көтерілген бойда осы санаттағы көліктерге деген сұраныс төмедеп кетті. Осының өзі электромобиль нарығын дамыту үшін мемлекеттің қолдуы қажет екенін көрсетсе керек.

«Иә, қазіргі кезде Қазақстанда электромобильдерге салық пен кеден бойынша бірқатар жеңілдіктер бар. Дегенмен, ондай шаралар бұл нарықты жан-жақты дамытуға жеткіліксіз болып отыр. Оған шетелдің тәжірибесі дәлел болса керек», - дейді одақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар