Қазақстанда e-Gov порталының қауіпсіздігін арттыру көзделуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Коммуникация және ақпарат саласында жаңа заң бойынша, Электронды үкіметтің қауіпсіздігін арттыру көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Заң жобасы бойынша, азаматтармен БАҚ-та жарияланған ақпаратты теріске шығаруға қатысты дау-дамайды шешу процедураларын жетілдіру, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қандай жағдайларда адамның келісімінсіз оның бейнесін материалда қолдануға болатын негіздемелер тізімін бекіту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ субтитрлар мен сурдоаудармаларды қолдану аясын кеңейту, мектептерде балаларға икемделген интернет-контентті пайдалану, құқығы бұзылған баланың бейнесі мен жеке мәліметтерін баланың немесе оның заңды өкілдерінің келісімінсіз қолдану аясын қысқарту қарастырылған.

Заң жобасын жасақтау барысында, министрдің айтуынша, айтылған ұсыныс-тілектердің 70%-і ескеріліп, заң жобасына енгізілген.

«Сонымен бірге Премьер-Министрдің Кеңсесінен түскен ұсыныстар да назарға алынды. Жалпы төрт кодекске және 12 заң обасына 250 өзгерту мен толықтыру енгізіледі деп жоспарланған», - деді Д.Абаев.

Соңғы жаңалықтар