Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 Президенті                                                    Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 20 маусым

      № 500

***

Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірледі.

Министрліктен хабарлағандай, Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.

Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуының үш негізге басымдықтары айқындалған.

Бірінші басымдық - заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу.

Екінші - мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы - Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», - делінген.

Тұжырымдама ар-ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардың құқықтарын, діни бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің конституциялық негіздерін жоюға, халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Үшінші басымдық ретінде діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.

Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру маңызды рөл атқарады.

Бұл мақсатта ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту қарастырылған.

Аталған құжат дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды.

Білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары сияқты барлық салаларда кешенді жұмыс жүргізу қарастырылған.

Көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру 2020 жылға дейін жүргізіледі, оның нәтижесі ретінде қоғамдық санада зайырлық принциптерін нығайту, қоғамда діни қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу күтіледі.

Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға  ықпал ететін болады. 

Соңғы жаңалықтар