Қазақстанда демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанда демалыс және мереке күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ауа ағындары күн райының салқындауына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды», - делінген хабарламада.

Кейін антициклонның келуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып, республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.

9 мамырда көптеген облыстарда күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның қиыр солтүстік аудандарында 8-9 мамырда жаңбыр жаууы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар