Қазақстанда демалыс күндері күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезекті белсенді циклон Батыс Сібірге жылжып, осыған байланысты суық арктикалық және арктикалық ауа ағындары Қазақстанның ауа райына ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Республикамыздың аумағы арқылы ауысатын ауа ағындары жаңбыр, найзағай, кей жерлерге бұршақ шақырады, желдің ұйытқуы 15-20 және екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. Егер алдағы екі тәулікте көптеген облыстарда (батысты қоспағанда) ауа температурасы қалыпты жағдайда немесе нормадан жоғары болады деп күтілсе, дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында температура климаттық нормадан 3-6º С-қа төмендейді.

Астана қаласына арналған консультативтік ауа райы болжамы

3 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

4 маусым: күн ала бұлтты, таңертең және күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.  Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

5 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.

Алматы қаласына арналған консультативтік ауа райы болжамы

3 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні  - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

4 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні  - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.

5 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні  - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С. 

Соңғы жаңалықтар