Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы жаңа тәртіппен төленуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық саласын корпоративтік басқару аясында дәрігерлердің жалақысын дифференциалды жолмен, яғни жұмыс нәтижесіне қарай төлеу қарастырылған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде дифференциалды жолмен жалақы төлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар барлық облыстарға таратылды.

«Осы мәселеге баса назар аудару қажет. Біздіңше, ішкі резервтер бар. Менеджерлер стратегиялық жоспарлар аясында медицина қызметкерлерін ынталандыру шараларын, яғни жалақыны дифференциалды жүйемен төлеу мәселесіне көңіл бөлуі тиіс. Біз ондай жүйе бойынша тиісті әдістемелік нұсқауларды әзірлеп, барлық аймақтарға тараттық», - деді Е.Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша дәрігердің орташа жалақысы 159 мың теңгені құрайды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттеде аталған көрсеткіш екі-үш есе артық болып тұр. Дифференциалды жүйенің арқасында дәрігерлердің жалақысын арттыруға мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар