Қазақстанда дәрігерлер қызметі айтарлықтай қымбаттады - зерттеу

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандықтар стационарларда сирек емделетін болды: ауруханалар қызметі бір жыл ішінде 4,6%-ға кеміді. Осы уақытта жалпы тәжірибе дәрігерлері мен терең қызмет көрсететін мамандар қызметі 3,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz .

Биыл алғашқы үш айда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары қазақстандықтарға 263,3 млрд теңгенің қызметін көрсеткен, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Оның ішінде 80,3%-ы бюджет қаражаты есебінен, 13,8%  - тұрғындар есебінен және 5,9 % - кәсіпорындар есебінен жұмсалған.

Айта кетерлігі, еліміздегі Астана, Алматы секілді екі ірі мегаполиске денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек қызметі салаларының барлық қызметтерінің  30%-ға жуығы ғана жұмсалады, алайда мұнда еліміздің небары 15% тұрғыны шоғырланған. Бұл сонымен қатар, екі қалада республикалық деңгейдегі медициналық орталықтардың көптігін білдіреді. Қызмет бойынша ең жоғарғы орта чек те Астанада тіркелген - адам басына 41,1 мың теңге (жылына +8%) және Алматыда адам басына 25 мың теңге (жылына +2,4%).

Салыстырмалы түрде, Қазақстан бойынша орта есеппен денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек бойынша 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіш адам басына шаққанда 14,8 мың теңге - былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 1,9%-ға артқан. 

Соңғы жаңалықтар