Қазақстанда бухгалтерлік бағдарлама мен Playstation ойындары жиі қолдан жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бухгалтерлік «1С: кәсіпорын» компьютерлік бағдарламасы мен Playstation ойындары жиі қолдан жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жедел іздестіру қызметі департаментінің сарапшы-сардары Эльмира Қалығұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегінше, өткен жылы экономикалық тергеулер қызметінің аймақтық бөлімшелері авторлық және аралас құқық саласында 179 қылмыстық істі және 39 тауар белгісінің бұзылуы фактісін тіркеген.

«Басым бөлігін Sony Playstation приставкасына арналған контрафактілік бағдарламалар мен «1С: кәсіпорын» жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша DVD-дискілрін сатумен байланысты құқықбұзушылықтар құрайды», - деді ол.

Эльмира Қалығұлованың айтуынша, контрафактілік дискілер дайындаумен айналысатын 9 жасырын цех жұмысы әшекере болған.

«Тауар белгілерін заңсыз пайдалану бойынша өткен жылы 39 сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Олардың басым бөлігі жеткізуші-құқық иеленушінің шағымы бойынша, ал 19 қылмыстық іс жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тіркеуге алынды», - деді сарапшы-сардар.

Соңғы жаңалықтар