Қазақстанда бұғатталған кейбір интернет-сайттар ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бұғатталған кейбір интернет-ресурстар ашылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министрлік бұған дейін https://www.ozon.ru, https://pikabu.ru және https://ficbook.net, https://www.labirint.ru, https://eksmo.ru/, https://book24.ru.  ақпарат ресурстарының Қазақстан Республикасы аумағында  қолданылуына шектеулер енгізген болатын.

«Бүгінгі уақытта министрлік пен https://www.ozon.ru, https://pikabu.ru және https://ficbook.net интернет-ресурстардың әкімшілігімен бірге жасалған жұмыс нәтижесінде  кейбір заңсыз материалдар жойылды. Осыған байланысты аталған ресурстар Қазақстан аумағында қолжетімді болады», - делінген министрліктің хабарламасында.

10 қарашадағы жағдай бойынша https://www.labirint.ru, https://eksmo.ru/, https://book24.ru сайттарда тыйым салынған материалдар әлі де бар. Егер  заңсыз матриалдар интернет-ресурстан жойылатын болса, ол Қазақстан Республикасының  аумағында қолжетімді болмақ.

Соңғы жаңалықтар