Қазақстанда бұдан былай АИ-80 бензині сатылмайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қазақтандағы мұнай өңдеу зауыттарында АИ-80 маркалы бензинді өндіру тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мұнай зауыттары жаңғыртудан өткеннен кейін мотор майларының сапасы К-4 және К-5 стандарттары негізінде өндіріледі. Өкінішке қарай, АИ-80 маркалы бензин бұл жоспарға кірмейді. Қазіргі таңда АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтатылды. Алайда ол бензиннің белгілі бір бөлігі ғана Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріліп жатыр», - дейді Қуаныш Құдайбергенов.

Оның айтуынша, адағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында АИ-80 маркалы бензин болмайды.

«Қазіргі таңда біз АИ-80 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеуден алып тастау механизмін қарастырып жатырмыз. Енді аталған бензиннің бағасын нарық реттейтін болады. Алдағы уақытта аталған жанармайдың белгілі бір бөлігі сырттан экспортталуы мүмкін», - дейді Қуаныш Құдайбергенов.

Соңғы жаңалықтар