Қазақстанда браконьерлерді түрмеге жабу қажеттілігі неге туындап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров браконьерлерге неліктен бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу керектігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сараптама жұмыстары браконьерлерге келгенде жазаны тағайындауды қайта қарау керектігін көрсетіп отыр. Осы себепті, біз Қылмыстық кодексте браконьерлерге шартты жазаны алып тастап, бас бостандығынан айыру жазасын кесуді ұсынып отырмыз. Сонымен бірге, браконьерлік кезінде тәркіленген құрал-жабдықтарды мемлекеттік органдардың балансына беру керек, немесе оларды жою керек. Заманауи дрондар мен спутниктік құрылғыларды браконьерлердің қылмысын ашу үшін қолданған абзал», - дейді Қайрат Үстеміров.

Оның айтуынша, ұсталған браконьерлер сотта ары кеткенде шартты түрде жаза алып немесе айыппұл төлеп құтылады.

«Олардан тәркіленген көліктер немесе техникалар иелеріне қайтарылып жатады. Болмаса аукцион арқылы арзан бағаға сатылады. Бірақ, сол тәркіленген жабдықтарын браконьерлердің өзі қайта сатып алады. Айналып келгенде ешқандай нәтиже жоқ. Сондықтан, браконьерлікті күшейтуді ұсынып отырмыз», - дейді ол.

Комитеттің келтірген ақпаратына сәйкес, Қазақстанда ұсталған браконьерлерге қатысты қозғалған істердің 25 пайызы ғана сотқа жетеді. Соның өзінде аталған істердің 30 пайызы ғана шартты жазаға тартылады. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мәселен көрші Ресейде әкімшілік жаза Қазақстаннан гөрі 2-3 есе қатаң.

Еске сала кетсек , Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ҚР Қылмыстық кодексінде браконьерлік үшін бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдері ғана қарастырылуы тиіс екенін түсіндірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар