Қазақстанда бойжеткендерді заңсыз ұстауға байланысты 200-ге жуық іс қозғалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойжеткендерді ұрлау мен заңсыз ұстауға байланысты фактілер екі есеге жуық азайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен хабарлады.

«Комитеттің ақпараттық жүйелерінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша 2017 жылы бойжеткендерді ұрлау мен заңсыз ұстауға байланысты 175 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Ал 2016 жылы осындай 306 факті тіркелген», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар комитет былтыр отбасындағы дау-жанжалдарға қатысты елімізде қанша адам жауапқа тартылғанын мәлім етті.

«2017 жылы отбасындағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін елімізде 304  адам, 2016 жылы  335 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - дейді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері.

Бұдан бөлек, электрондық ақпараттық есеп құжаттарында және тіркелген қылмыстық құқықбұзышылықтар туралы статистикалық есептерде ерте жастан неке қию немесе мәжбүрлі неке, сондай-ақ көп әйел алушылық жайлы мәліметтер жоқ екені анықталды.

Еске сала кетсек, 2016-2017 жылдары Қазақстанда тек қалыңдық алып қашуға қатысты 12 қылмыстық іс тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар