Қазақстанда биыл қандай жолдардың құрылысы аяқталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл республика бойынша 280 шақырым жолдың құрылысы аяқталады. Оған қоса, тағы 360 шақырым автожолда көлік қозғалысы ашылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатовтың айтуынша, ағымдағы жылда "Орал-Каменка-Ресей шекарасы", "Қапшағай-Талдықорған", "Астана-Павлодар" және "Павлодар-ШҚО шекарасы" жолдары тапсырылады.

"Келесі жылда "Щучинск-Зеренді", "Таскескен-Бақты", Көктерек асуы, "Бейнеу-Ақжігіт" жолдарының құрылысы аяқталады. 2020 жылы "Қостанай-Қарабұтақ", "Үшарал-Достық", "Мерке-Бұрылбайтал" және Астананың оңтүстік-батыс айналма жолын, ал 2021 жылы "Алматы-Өскемен" және "Ақтөбе-Атырау" учаскелерін пайдалануға береміз деген жоспар бар. Жалпы, 2018-2022 жылдар ішінде 4 700 шақырымға созылатын жолдарды қалпына келтіру шаралары жоспарланған. Сондай-ақ 7 500 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіледі", - деп атап көрсетті Е.Қизатов.

Айта кетейік, бүгінгі кеңес кезінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин контейнерлік транзитті өзге елдерде ұйымдастыру мәселесіне баса назар аударды. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ауыл жолдарын жөндеуге қатысты жоспарлармен бөлісті. Ал "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы алғаш рет "ақылды қойманы" іске қоспақшы.

Соңғы жаңалықтар