Қазақстанда бірыңғай электрондық архив құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай мұрағаттағы барлық мәліметтер электронды нұсқаға ауыстырылады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Астанада мұрағат саласындағы жаңашылдықтар мен өзекті мәселелерді талқыға салған  жиын өтті. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру үшін жинақтау іріктеу, сақтау, іздеу үдерісі біртіндеп автоматтандырылмақ. Мемлекеттік органдардың электрондық құжаттарының қоймасын құру жұмысын Мәдениет және спорт министрлігі биыл қолға алды. Қазіргі уақытта ұлттық қордың 2 пайызы цифрлық түрге көшірілді. Онда 23 млн-ға жуық құжат сақталып түр.

Өзекті мәселелердің бірі - мемлекеттік архив қоймаларының жетіспеушілігі. Оған қоса білікті мамандар тапшы. Жалақы аз болғандықтан, жастардың бұл қызметке келгілері жоқ. Олқылық орнын толтыру үшін биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен келісім жасалған.

«Министрлік тарапынан грант бөлу мәселесі қолға алынды. Биыл Архив ісі бойынша докторантура ашылды. Бір жылға 20 грант бөлінді ҚазҰУ-ға. Біз біліктілік курстарын архив ісі мамандықтары үшін жыл сайын тұрақты түрде өткіземіз», - дейді Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма басшысы Гүлзира Қарсақбаева.

Соңғы жаңалықтар