Қазақстанда бірыңғай ауыл шаруашылығы салығы енгізілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта елімізде бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне салық салу жүйесін жетілдіру үшін министрлік бизнестің ұсынысы бойынша бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын (БАШС) енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. Салық салудың мұндай тәртібі тауар өндірушілер үшін күрделі салық есебін жеңілдетіп, салық органдарының алымы мен айыппұлын төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев Парламент Сенатында өткен жиында.

Оның айтуынша, бұл қадам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге салық есебін есепшісіз жүргізуге жол ашпақ. 

«Яғни, кез келген тауар өндіруші қосымша есепшісіз-ақ жұмысын шешетіндей бәрі де қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне салық салу бағытында кедергілер бар. Бұған қоса ішкі транзакциясының салық салуы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің түсіміне салық салуды шектеу де қарастырылады», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар