Қазақстанда бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 7,1 процентке өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында 2017 жылғы қараша айында азық-түлік бағасы өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 7,1 процентке өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство келтірген мәліметтерге сүйенсек, он екі айда (2017ж. қараша мен 2016ж. қараша айлары аралығында) азық-түлік тауарларының бағасы 7,1%, азық-түлік емес тауарлары - 9,2%, ақылы қызметтер - 5,8%-ке өсті.

Жылдың басынан бері (2017ж. қараша мен 2016ж. желтоқсан айлары аралығында) картоп бағасы 28,5%, пияз - 27,8%, сәбіз - 20,8%, алма - 14,8% қымбаттаған.

Сондай-ақ, ет өнімдері де былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда қымбаттаған.

Сиыр етінің бағасы - 14,2%, жылқы еті - 8,5%, қой еті - 13,5%, өскен.

Одан бөлек, консервіленген сүт - 10,8%, сары май бағасы - 10,2%, кондитерлік өнімдер - 9,5%, мәйекті ірімшік - 9,4%, сүзбе - 8,9% қымбаттаған.

Сонымен қатар, бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандаған.

Қызанақ бағасы 37,4%, қияр - 37,2%, қарақұмық жармасы - 26,7%, сарымсақ - 26,1%, жұмыртқа - 18,6%, қант - 17,7%, күнбағыс майы - 9,5%, қырыққабат - 8,4%, тәтті бұрыш - 3,4% төмендеген.

Соңғы жаңалықтар