Қазақстанда базалық ставка 10,5% дейін төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда базалық ставка 10,5 процентке дейін төмендеді.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені симметриялы +/-1% пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 11%-дан 10,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлеме 11,5%-ға дейін, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 9,5%-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Ол 2017 жылғы 10 сәуірде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін белгілегенін еске салды. «Мөлшерлеме төмендетілуі мүмкін болатын жағдайлар расталды. Сонымен қатар ішкі экономика күткендегіден жылдам қарқынмен қайта қалпына келуде, - деді Д. Ақышев. - Мөлшерлемені төмендету туралы шешім экономика үшін ішкі нарықтың ақша-кредит саясатына жауап қатуымен де, ең маңыздысы мұнай бағасы мен Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің айырбастау бағамы саясаты болып табылатын сыртқы күйзелістермен де байланысты тәуекелдердің оңтайлы теңгерімін көрсетеді».

Оның айтуынша, «жағымсыз күйзелістер болмаған жағдайда экономиканың дамуының базалық сценарийінің іске асырылуы алдағы 12 айда базалық мөлшерлеменің төмендеу үрдісінің жалғасуына жағдай жасайды».

«Мөлшерлеменің одан әрі өзгеру жиілігі, жылдамдығы және көлемі инфляцияның нақты серпінінің нысаналы және болжамды көрсеткіштерге сәйкес келуі сияқты көрсеткіштермен, сондай-ақ депозит және кредит нарығының және тұтастай алғанда қаржы нарығының индикаторларымен айқындалатын болады. Нақты көрсеткіш бойынша базалық мөлшерлеме, яғни инфляцияның таргеттелетін деңгейін шегергендегі номиналдық мөлшерлеме Ұлттық Банк үшін маңызды бағдар болады. Оны 4%-дан асырмай, яғни экономиканың ұзақ мерзімді әлеуетті өсу қарқынымен сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру жоспарланып отыр», - деп хабардар етті.

Сондай-ақ ол: «Қазақстан экономикасы үшін қолайсыздау сценарий жағдайында базалық мөлшерлемеге қатысты айтарлықтай консервативті тәсіл іске асырылатын болады», деп атап өтті.

Бұл ретте Д. Ақышев Ұлттық Банктің алдын ала белгілі уақытша сипаттағы инфляцияны төмендету үшін кредиттік талаптарды қатаңдату арқылы, атап айтқанда, ұсыныстар жағындағы шығасылардың өсуімен байланысты және ақша-кредит саясаты тұрғысынан автономды сипаттағы инфляцияға ден қоюды негізді деп санамайтынын атап өтті.

«Сұраныс жағында қолданылатын монетарлық талаптарды өзгерту болашақтағы жоспарланған инфляцияға тікелей әсер етпейді. Сонымен қатар Ұлттық Банк өз шешімдерінде ұзақ мерзімді болашақтағы ақша-кредит саясатының пәрменділігін шектей алатын кредит талаптарының тұрақсыздығымен байланысты  тәуекелдерді де ескереді. Артық өтімділікке қарамастан, банк капиталының шектеулігі қорландыру құнына қарағанда, кредиттің ұсынылуын шектейтін айтарлықтай маңызды фактор болып табылады», - деді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 17 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де жарияланатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар